Жалғас Жұмағұлов карьерасын аяқтағанын хабарлады

20 қараша 2022 11:29
©instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) UFC ұйымындағы соңғы айқасынан кейін карьерасын аяқтағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кеше түнде Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде қазақстандық Чарльз Джонсоннан (12-3) жеңілді. Бұл отандасымыз үшін UFC ұйымындағы бесінші жеңілісі болды. 

"Жекпе-жекті көрдіңіздер ме? Бұл менің соңғы кездесуім болды. Ары қарай төбелескім келмейді. Кезекті рет төрешілер жеңісті маған бермеді. Шаршадым. Тер төгесің, еңбектенесің, бірақ ... Қазір мен эмоцияға беріліп, шындықты айтып тұрмын. Маған жанкүйер болған барлықтарыңызға рақмет", - деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында. 

Еске салайық, ақтөбелік файтер UFC ұйымында ең алғашқы кездесуін 2020 жылы өткізді. Содан бері ол Раулиан Пайва, Амир Альбази, Джефф Молина, Манель Кап, Чарльз Джонсоннан жеңіліп, Джером Ривераны ғана жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport