Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең атақты промоушенде жұдырықтасады

20 ақпан 2020 12:31
© Fight Nights Global
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов ММА әлеміндегі беделді UFC промоушенімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді.

"Arlan MMA Pro командасының мүшесі Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды. Осы жаңалықты асыға күткен сіздер мен бауырымды құттықтаймын", - деп жазды ол.



Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін M-1 Global чемпионы болған Шавкат Рахмонов беделді ұйымның қол астына өткен. Ол 21 науыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. 33 жастағы спортшы мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, тек үшеуінде ғана жеңілген. UFC-де 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізген. Оңтүстік африкалық Гаррет Маклеллан, америкалық Эктор Урбина және норвегиялық Эмиль Микті жеңсе, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылған.