"Жалдамалы пәтерде тұрамын". Жеңісін қазақ халқына арнаған спортшы табысы туралы шындықты айтты

22 қыркүйек 2020 10:18

Қазақстандық файтер Артем Резников Мәскеуде өткен АСА 111 турнирінде шешенстандық "Бөрі" Юсуф Раисовты жеңгеннен кейін табысы тым аз болғандықтан, қаржылық жағдайын жақсартқысы келетінін мәлімдеді. 

"Лигадан келісімшартымды өзгертуін сұрағым келеді, өйткені тым аз ақшаға жұдырықтасып жүрмін. Атым белгілі бола бастады деп ойлаймын, сол себепті гонорарымды да көбейтсе. Өз үйім де жоқ, жалдамалы пәтерде тұрамын. Алдымен баспаналы болсам, содан кейін ғана басқасын ойлауға болады", - дейді ол. 

Қазақстандық спортшы Раисовпен жекпе-жек үшін ол сегіз мың доллар алды, төрт - шыққаны үшін және жеңіс үшін тағы төртеу. Дегенмен бұл соманың 20 пайызын қарсыласына береді, өйткені салмақ өлшеу рәсімінен өтпей қалған еді. Бұл оның осыған дейін алған ең үлкен табысы екен. Мәселен осыған дейінгі Хамзат Аушевты жеңгені үшін Резников алты мың алған (үш+үш), ал Хасан Халиевты жеңгеніне - төрт мың (екі+екі).