"Жақсы кеңес берді". Петр Ян Геннадий Головкинмен кездесу туралы

11 наурыз 2021 10:11
Сурет: championat.com

UFC файтері ресейлік Петр Ян канадалық журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және америкалық спортшы Нейт Диаспен кездесуі туралы айтып берді. 

Кеше GGG Instagram Stories-те аталған спортшылармен бірге түскен суретін жариялаған болатын. 

"Біз Лос-Анджелеске келгенбіз, осы жерден ұшу керек болған едік. Головкин осы жерде тұрып жатыр, біз хабарласып тұрамыз, кездестік, әңгімелестік, ет қуырдық. Геннадий жақсы кеңес берді. Ал Нейт Диаспен автотұрақта кездейсоқ кезіктік, өйткені бір ғимаратта болдық қой, Нейт жігіттермен өтіп бара жатып, бізді көрді де тоқтады. Сөйлестік, суретке түстік. Нейт менің Стерлингті сабағанымды айтты...", - дейді Ян. 

Еске салайық, Ян кейінгі кездесуінде тыйым салынған соққы үшін UFC чемпионы титулынан айырылып қалды.