"Жағдай өте ауыр". Хабиб әкесі мен коронавиурс жайында мәлімдеме жасады

19 мамыр 2020 14:37
Сурет: Allboxing
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов коронавирус пандемиясына байланысты видеоүндеу жасады. Өзінің Instagram желісі арқылы ол жерлестеріне мәлімдеме жасап, әкесінің жағдайы туралы айтты.

Спортшы дәрігерлердің айтқанын орындап, оқшаулануды сақтауға шақырды. Вирусты осы арқылы жеңуге болатынын түсіндіруге тырысты. Файтер вирус жалған және біреулердің пайдасы үшін жасалып жатқан шу деген мәселеге тоқталып өтіп, жиырма шақты туысының індет жұқтырғанын хабарлады. Сөз соңында ол әкесінің жағдайы өте ауыр екенін айтып, дұға еткендерге алғысын білдірді.