Исмағұловтың Кутателадзені жеңген жекпе-жегінің видеосы

19 маусым 2022 08:19
©Кадрдан алынған видео

Назарларыңызға Ресей намысын қорғайтын қазақ спортшысы Дамир Исмағұловтың Швеция намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадземен өткен айқасының видеосын ұсынамыз. 

Бұл кездесу бүгін Остин (Техас штаты, АҚШ) қаласында UFC on ESPN 37 турнирінде болды. Жеңіл салмақта өткен аталған кездесуде Исмағұлов төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Исмағұлов өз карьерасында UFC турнирінің бас кардында бірінші мәрте өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша үстем түсті. Бұл оның бесінші жеңісі болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport