Исмағұлов UFC-де бесінші жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

19 маусым 2022 17:05
©Видеодан кадр

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Дамир Исмағұлов UFC промоушеніндегі бесінші жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Джунглиде жаңа патша пайда болды. Бұдан былай бұл жерде қазақтың дәурені жүреді", - дейді Исмағұлов.

Еске салайық, Ресей жерінде туған Дамир Исмағұлов халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғайды. Ол Остинде (Теха, АҚШ) өткен UFC on ESPN 37 турнирінде шыққан тегі грузин, Швецияның жалауын желбіретіп жүрген Гурам Кутателадзені жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport