Исмағұлов чемпиондық белбеуге үміткер болған америкалықты жекпе-жекке шақырды

20 маусым 2022 14:06
©instagram.com/ismagulov_damir/

Ресей намысын қорғайтын қазақ файтері Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Исмағұлов америкалық Дональд Серронені жекпе-жекке шақырды. 

"Қолдап кетіңіздер, мүмкін ол келісетін шығар", - деп жазды Дамир Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Остин (Техас штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде Исмағұлов Швеция намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңіді. Бұл оның осы ұйымдағы бесінші жеңісі болды. 

Ал Серроне болса 2015 жылы жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізді. Бірақ бразилиялық Рафаэль Дос Аньостан ұтылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport