Исмағұлов бесінші жеңісінен кейін UFC рейтінгінде үздіктер тізіміне кірді

©instagram.com/ismagulov_damir/

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов (24-1) UFC-дің жаңартылған рейтингінде топ-15 тізімге кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

31 жастағы файтер промоушендегі бес жекпе-жегінде жеңіске жетті.

"Топ-15 тізімге қош келдің", - деп жазыпты Исмағұловтың менеджері Саят Абдрахманов.

Айта кетейік, кейінгі айқасында Дамир тегі гүржі Гурам Кутателадзені жеңген болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport