Исламға өткен қазақстандық файтер енді UFC-де жұдырықтаспайды

14 қыркүйек 2023 09:51
©UFC

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов NAIZA TV YouTube арнасына берген сұхбатында отандасы Сергей Морозов карьерасын аяқтағанына сенімді екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Сергей Морозовқа не болды?

- Оның UFC-мен үш жекпе-жекке келісімшарты бар. Бірақ шынын айтқанда, Мороз карьерасын аяқтаған сияқты. Қазір ол мүлде басқа адам. Бұрын онымен қалжыңдаса алатынымын, бірдеңе айтып, ал қазір оған қарасам қысылып қаламын. Міне осылай өзгерді. Енді оның төбелеспейтіні жүз пайыз. Өзі үшін жаттығып жүр, жастарға үлгі көрсетіп. Ол карьерасын аяқтағанын айтқан жоқ, бірақ ол енді жұдырықтаспайтынын жүз пайыз білеміз. 

Еске салайық, былтыр желтоқсанда өткен UFC-дегі кейінгі айқасында Морозов үшінші жеңісіне жеткен.

Ал жалпы ММА-дегі кареьрасында Морозов 19 жеңіске жетіп, бес рет есе жіберген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport