Ислам Махачевтің қарсыласы жарақат алды. Жаңа тізімде Тони Фергюсон бар

27 қыркүйек 2021 19:30
©fighttime

Ресейлік ММА шебері Ислам Махачев UFC 267 турнирінің алдында қарсылассыз қалды, деп жазады Vesti.kz.

Махачевпен кездесуі тиіс болған бразилиялық Рафаэль дос Аньос жарақатына орай жекпе-жектен бас тартты.

"Сенің қайтадан жарақат алғаныңа сенбеймін", - деп жазды Махачев өзінің твиттер парақшасында.

"Жарақатты сылтауратып, айқастан қашты деп ойлайсың ба? Саған қарағанда менің отбасым бар. Олардың менен басқа нанын тауып отырған ешкімі жоқ. Сондықтан бұл кездесуден әдейі бас тартып отырған жоқпын, - деп жауап берді Рафаэль дос Аньос.

Ресейліктің менеджері Али Абдель-Азиз қазіргі таңда басқа қарсыластар іздестіруде. Ол тізімде Дэн Хукер мен Тони Фергюсон бар.

Еске салайық, Махачев пен дос Аньос арасындағы жекпе-жек түрлі себептермен үшінші рет өтпей отыр.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: