Ислам қабылдаған Морозовқа UFC әлсіздеу қарсылас белгіледі

25 тамыз 2022 09:41
©instagram.com/morozclub777/

Қазақстандық Сергей Морозов (18-5) келесі жекпе-жегінде америкалық Джурни Ньюсонмен (10-3) жұдырықтасады, деп хабарлайды "Вестник ММА" телеграм-арнасы.

Мәлімет бойынша, бұл айқас UFC-дің 17 желтоқсанға жоспарланған турнирінде өтеді. Морозов жақында ғана ұйыммен жаңа келісімшартқа қол қойған еді. 

Екі қарсылас та промоушенде төрт айқастан өткізген: Морзов екі жеңіліп, екі рет жеңген. Ал америкалық бір жеңіп, екі жеңілген және бір айқасы есепке алынбады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport