Исатай Теміров Алматыдағы турнирде төрешілердің бөлек шешімімен жеңілді

18 маусым 2021 19:29
Сурет: Vesti.kz. Ернар Алмабек©️

Алматыдағы "Алматы Аренада" өтіп жатқан Хабиб лигасының турнирінде қазақстандық спортшы Исатай Теміров төрешілер шешімімен жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz

Атырау тумасының қарсыласы ресейлік Денис Измоденов болды. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төреші ресейліктің қолын жоғары көтерді. 

Осылайша, Исатай екінші рет қатар жеңіліп отыр, ал Измоденов екі жеңілістен келе жатқан сериясын үзе алды. 

Айта кетейік, мұның алдындағы кездесуде өзге қазақстандық файтер Виталий Радионов та төрешілер шешімімен жеңілді

 

 

 

 

 

Метки: