"Иісі де шықпайды". Жұмағұлов UFC-дегі айқасы жайлы ойын ашық айтты

10 маусым 2022 12:04
©instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас Лас-Вегастағы UFC Vegas 56 турнирінде өтіп, Молина төрешілер шешімімен басым түсті.

"Бұл айқасты 10 рет қайталап көрдім, ол жерде жеңілген жоқпын. Тіпті бөлек шешімнің де иісі шықпайды, бірауыздан мен жеңіп отырмын", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport