Инсайдер Морозовтың UFC-мен келісімшартына қатысты сөз қозғады

19 шілде 2022 10:04
©instagram.com/morozclub777/

Ресейлік ММА журналисті әрі инсайдер Игорь Лазорин телеграм арнасында қазақстандық Сергей Морозовтың (18-5) UFC-мен жаңа келісімшарты туралы жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сергей Морозовтың карьерасына қатысты сұрақ көп. Әзірге ол демалыста. UFC жаңа келісімшарт бермеді", - деп жазыпты шолушы.

Морозов UFC-де төрт айқас өткізіп, екеуінде жеңді - Халид Тахо мен Раулиан Пайваны және екі рет жеңілді - Умар Нурмагомедов пен Дуглас Сильвя де Андрадеден.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport