"Хайпын тоқтатты". Шетелдік басылым қазақ файтер туралы ащы шындықты жазды
Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде Чарльз Джонсоннан жеңілгеннен кейін шетелдік БАҚ қазақстандық файтердің деңгейіне күмән келтірді, деп жазады Vesti.kz.
Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде Чарльз Джонсоннан жеңілгеннен кейін шетелдік БАҚ қазақстандық файтердің деңгейіне күмән келтірді, деп жазады Vesti.kz.
"Джонсонға төрешілер жеңісті лайықты берді. Екі раундта америкалық анық басым болды, алғашқы раундты Азат алды. UFC-ден шығып қалуы керек болған Чарльз ұйымда қалатын болды және Азат Мақсұмның таудай хайпын тоқтатып тастады. Қазақстандық файтерде дағдылардың жақсы жиынтығы бары сөзсіз, бірақ UFC-де ол әлі шикі және түсініксіз көрінуде. Шавкат Рахмоновтікі сияқты тұрақтылықсыз, ол маңызды бірдеңеге қол жеткізе алмайды.
Қазіргі таңда Азат берілген авансты ақтамайды. Ол ұйымға келгенге дейін шаруасы бітті деген екі ардагер оған мықты қарсылық көрсетіп қана қоймай, жеңілмеген деген атақтан айырып тастады. Енді қазақстандыққа өзін шынымен мықты екенін дәлелдеу қажет", - деп жазады championat.com басылымының авторы.
Жарнама