Хамзат Чимаевтың америкалық файтермен айқасы өтпей қалуы мүмкін

30 қараша 2022 01:28
©UFC

Швециялық Хамзат Чимаев пен америкалық Колби Ковингтонның UFC ұйымындағы кездесуі өтпей қалуы мүмкін. 

"Жекпе-жек болмай қалуы мүмкін. Ковингтонның командасы келісімшартқа қол қоюдан бас тартып жатыр", - деді бұл айқасқа қатысты дереккөз. 

Еске салайық, осыған дейін файтерлер жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісіп, тек қағаз жүзінде келісімшарт жасауы керек екені айтылды. Кездесудің өзі 2023 жылдың наурыз айында Лондон қаласында UFC 285 турнирінде өтуі мүмкін еді. 

Хамзат Чимаев аралас жекпе-жекте 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол соңғы айқасында Кевин Холландқа қарсы шығып, қылқындыру әдісімен үстем түсті. 

Ал Ковингтон болса карьерасында 20 айқасқа қатысып, 17 мәрте қарсыласынан айласын асырған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport