UFC-де Швецияның намысын қорғайтын Хамзат Чимаевты (10-0) АҚШ-қа кіргізбеді, деп хабарлайды Sport24.ru сайты.
Сонымен қоса, Чимаевтың қазіргі америкалық визасы жарамай қалуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай жағдайдан кейін тегі шешен спортшының UFC-дегі карьерасына нұқсан келуі мүмкін.
Алдағы уақытта Чимаев Бразилияда Гилберт Бернспен жекпе-жек өткізуі тиіс. Осыған орай ол бұл күндері Таиландта оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Еске салайық, қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмоновқа (15-0) келесі айқасын Хамзат Чимаевқа қарсы өткізу ұсынылған болатын. Хамзат соңғы рет UFC 267 турнирінде қытайлық Ли Джинлиангпен кездесіп, бірінші раундтың төртінші минутында қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.