Хамзат Чимаевтің келесі қарсыласы анықталды

20 қараша 2022 19:05
©UFC

UFC ұйымының мықты файтерлерінің бірі Хамзат Чимаев (12-0) бразилиялық Гилберт Бернспен (20-5) екінші кездесу өткізуге бел буды. Бірақ екінші кездесу басқа салмақта өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әу баста жартылай орта және орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы Чимаев жекпе-жекке жартылай ауыр салмақтың жаңа чемпионы Алекс Перейраны (7-1) шақырған болатын. Кейін ол Перейра бас тартса, Бернспен Бразилия жерінде кездесуге дайын екенін айтты. Дегенмен Хамзат бұл айқасты орта салмақта ұйымдастыруды сұрады. Ал Гилберт болса жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. 

Осыдан кейін 36 жастағы Бернсте Чимаевпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. 

Еске салайық, бұл файтерлер арасындағы бірінші кездесу сәуірде өтіп, Чимаевтің пайдасына аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport