Аралас жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татпаған шведциялық файтер Хамзат Чимаев (11-0) UFC ұйымының жаңартылған рейтингінде бірден бірнеше саты жоғары көтерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жаңа тізімді ол 77 келі салмақта үшінші орынға жайғасты.
Мұндай жоғары орынға Чимаев өткен демалыс күні UFC 273 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (20-5) жеңгеннен кейін көтерілді. Оған дейін шешенстандық спортшы 11-орында, ал Бернс екінші сатыда тұрған.
Ал жаңартылған рейтингте Чимаев үшінші сатыға көтеріліп, Бернс болса төртінші орынға түсіп қалды. Рейтингтің екіншісі сатысында ағылшындық Леон Эдвардс (19-3-0-1) болса, одан жоғары Колби Ковингтон (17-3) мен осы салмақтың чемпионы Камару Усман (20-1) тұр.
Әу баста Бернсті жеңгеннен кейін Чимаев екінші орынға шығады делінген еді. Дегенмен жаңартылған тізімде ол Эдвардстан асып түсе алмады.
UFC ұйымында бұл салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (15-0) бұрынғысынша 15-орында. Ал оның келесі қарсыласы болып қалуы мүмкін деген Нила Мэгни (26-8) тоғызыншы сатыдан оныншы орынға төмендеді.