Хамзат Чимаев UFC жұлдызына қарсы шығады

6 наурыз 2022 12:17
©UFC

Әлемдік аренада Швецияның намысын қорғап жүрген, шешен ұлтының өкілі Хамзат Чимаев (10-0) октагондағы келесі айқасын UFC жұлдызы бразилиялық Гилберт Бернспен (20-4) өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

27 жастағы Чимаев кәсіпқой карьреасында он жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Соның ішінде төрт айқасы UFC промоушнында болды. Ол соңғы рет UFC 267 турнирінде қытайлық Ли Джинлиангты бірінші раундта қылқындыру әдісімен тізе бүктірді. Ал Бернс болса өткен жылы Камару Усманмен айқасып, жеңілістің кермек дәмін татты. Дейтұрғанымен, оңтүстік америкалық спортшы жартылай орта салмақта чемпиондыққа үміткерлердің арасында екінші орында тұр.

Чимаев пен Бернс кездесуі сәуір айының 10 жұлдызы Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) өтеді деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport