Хамзат Чимаев пен Колби Ковингтон арасындағы кездесу қашан өтетіні айтылды

27 қазан 2022 22:29
©instagram.com/khamzat_chimaev

Америкалық UFC промоушені жуық арада шыққан тегі шешен, бірақ Швеция намысын қорғайтын Хамзат Чимаев пен америкалық Колби Ковингтон арасындағы кездесу туралы ресми жария етті. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады. 

"Хамзат пен Ковингтон арасындағы кездесу туралы жуырда ресми хабарланады. Бұл айқас 18 наурыз күні Ұлыбританияда өтеді деп жоспарлануда", - деді швециялық файтердің өкіледері. 

Айта кетейік, осыған дейін Ковингтонның бұл кездесуге келісім бергені белгілі болған еді. Жалпы Колби аралас жекпе-жекте 17 кездесуде жеңіске жетіп, 3 кездесуде жеңілген. Чимаев болса 12 кездесу өткізіп, барлығында мерейі үстем болған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport