Хамзат Чимаев әйгілі Брок Леснарды жекпе-жекке шақырды

30 қараша 2021 18:19
©vestikavkaza

Жартылай орта салмақта UFC файтері Хамзат Чимаев ауыр дивизионның бұрынғы чемпионы Брок Леснарды жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz.

"Екеуміздің біреуін октагоннан алып кетпейінше төбелесейік", - деп жазды "Борз" твиттер парақшасында.

Еске салайық, Хамзат Чимаев аралас жекпе-жекте 10 айқастың барлығында жеңіске жетті. Швециялық спортшы соңғы кездесуінде Ли Джинлиангпен шығып, бірінші раундта қылқындыру әдісімен басым түсті.

Леснар болса соңғы рет 2016 жылы айқасқан.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: