Хамитов күзде әлеуметтік желіде ерегісіп қалған ресейлік спортшымен кездесу өткізеді

14 мамыр 2021 19:52
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов күзде ресейлік Мариф Пираевқа қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Шамасы ресми секілді. 18 қыркүйек Almaty- Arena", - деп жазба қалдырды Хамитов өзінің Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін екі спортшы әлеуметтік желіде біраз сөзге келісіп қалып еді. Ресейлік спортшы дөрекі түрде Хамитовті кездесуге шақырды. Қуат болса Fight Nights Global  компаниясының басшысы Камил Гаджиевтің айтуынша, Пираев үшін тым мықты қарсылас. 

Бұл кездесуге дейін Хамитов 19 маусым күні Атырау қаласында украиналық Роман Головкинге қарсы кездесу өткізеді. Соңғы рет "Найман" қаңтар айында Ресейдің Магнитогорск қаласында кездесу өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті жеңді. 

 

Метки: