"Халықтың жағында қаламын!" Қуат Хамитов шектеу мерзімі аяқталғанын мәлімдеді

19 тамыз 2021 18:23
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов бостандығының шектелу мерзімі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы Алматы полициясы бөлімінің алдында түскен суретін жариялап, халықтың жағында қалатынын жазыпты.

Еске салайық, Хамитовқа қатысты сот ісі спортшының Қазақстандағы коронавирустың таралуы туралы айтқан сөздерінен кейін жүрді. Былтыр қыркүйекте ол тікұшақтарды атып, дезинфекторларды сабауға шақырған. 

"Бүгін қамау уақыты аяқталды. Енді еркін адаммын! Бірақ мұнымен ештеңе біткен жоқ, мен қалай болса да халықтың жағындамын!" - деп жазыпты Қуат. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport