auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Халықты естімейді". Қуат Хамитов сот үкімі шыққанан кейін партия ашатынын мәлімдеді

Спортшы партия ашуды бұрыннан ойлап жүрген екен.

"Халықты естімейді". Қуат Хамитов сот үкімі шыққанан кейін партия ашатынын мәлімдеді
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов партия ашқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Келешекте ашамын деп ойлағанмын, бірақ менің мемлекетім бұл процесті жылдамдатты. Бұл партия елге кім кінәлі екенін айту үшін құрылмады, партия халықтың дауысын есту үшін құрылды! Біздің мемлекетіміздің басты проблемасы - олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені біз еркін елміз ғой", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол партия есігі бәріне ашық екенін, әркім де қосыла алатынын мәлімдеді. Жазбасына ол #Партия_Единый_Казахстан хештегін қойған.

Айта кетейік, бүгін, 28 қаңтарда Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шыққан. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді. Қуат Хамитовтің қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді. 

Спортшыға ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келген. Бұл бап - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар