"Халк" UFC-дің экс файтерін бір минутта нокаутқа түсірді де АСА чемпионы атанды

27 қараша 2020 15:02
Сурет: Sherdog.com

"Халк" лақап атты америкалық файтер Тони Джонсон польшалық Даниэль Омельянчукты нокаутқа түсіріп, ауыр салмақта АСА чемпионы атанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Польшаның Лодзь қаласында өткен АСА 114 турнирі аясында болды. 

Бірінші раундтың бірінші минутында Джонсон қарсыласын оверхендпен сұлатып түсірді.