"Халк" лақап атты америкалық файтер Тони Джонсон польшалық Даниэль Омельянчукты нокаутқа түсіріп, ауыр салмақта АСА чемпионы атанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Польшаның Лодзь қаласында өткен АСА 114 турнирі аясында болды.
Бірінші раундтың бірінші минутында Джонсон қарсыласын оверхендпен сұлатып түсірді.