Хабибтың бауырлары UFC турнирінде жекпе-жекке шығады

11 тамыз 2020 14:56
Омар және Хабиб Нурмагомедовтар. Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
Хабиб Нурмагомедовтің немере ағайынды інілері онымен бірге бір турнирде айқасатын болады. Бұл туралы жеңіл салмақта UFC чемпионы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды .

Омар мен Абубакар Нурмагомедовтар UFC 254 турнирінің кардында жекпе-жекке шығады. Айта кетейік, осы кештің басты кездесуінде Хабиб уақытша чемпион Джастин Гэтжиға қарсы өнер көрсететін болады. 

Әзірге жекпе-жектің қайда өтетіні белгісіз. Болжаммен жекпе-жек Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді. Кездесу 24 қазанға жоспарланған. 

Айта кетейік, Хабиб үшін бұл былтыр қыркүйектен кейінгі бірінші жекпе-жегі, ол кезде ресейлік файтер Дастин Порьені мерзімінен бұрын жеңген еді.