Хабибтің спарринг қарсыласын 19 секунд нокаутқа түсірді

28 маусым 2020 20:58
Instagram.com©
Шыққан тегі шешен, бірақ Бельгияның намысын қорғайтын Рустам Сербиев Минска қаласында өткен BFC 55 турнирінде беларусь спортшысы Артем Бабашкодан жеңілді. 

Жеңіл салмақта бұл кездесу 19 секундқа жалғасты. Бабашконың алғашқы соққыларының бір дөп тиіп, белрась спортшысы оңай жеңіске жетті. 



"Жеңістен кейінгі әсерімді сөзбен жеткізіп айту қиын. Бұл көп жаттығудың арқасы. Шаршы алаңға шығып, тек нәтиже көрсету керек болды", - деді жекпе-жектен кейін Бабашко. 



Бұл 18 жастағы Бабашконың үшінші жеңісі. Бұған дейін бір рет жеңілген. Ал Сербиев болса бір рет жеңіп, бір рет жеңілген. 

Бұған дейін Сербиев жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен бірге жаттығу жасаған. Кейде оның спарринг қарсыласы да болған. 






Метки: