Хабибтің інісінен жеңілген Сергей Морозов UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан екенін айтты

30 наурыз 2021 18:01
Сурет фейсбук желісінен алынды.

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозов келесі жекпе-жегін жазда өткізеді. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады, деп жазады Vesti.kz. 

Морозов әлемдік промоушенде 20 қаңтар Абу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде бірінші кездесуін өткізді. Үш раундқа есептелген айқаста ол Умар Нурмагомедовпен - жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жұдырықтасқан. Екінші раундта ресейлік файтер қазақстандықты тұншықтыру әдісіне салды. 

Instagram желісінде Морозов Ақтөбеде жаттығып жатқан видеосын жариялады. Қазақстандық Naiza FC лигасының президенті Нұрбек Қарабала коментарийде келесі жекпе-жек қашан деп сұрады. "Жазда", - деп жауап берді Морозов.