Хабибтің інісімен жұдырықтасу керек болған қазақсандық спортшы UFC турнирі алдында мәлімдеме жасады

21 қазан 2020 13:04
Сурет: instagram.com/morozclub777/
Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің өтпей қалуына байланысты пікір білдірді. 

"Қадірлі достар, өкінішке қарай UFC басқа қарсылас таба алмады. Кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын едім, өз салмағымда және бір дивизион жоғары болса да. Бірақ уақыт тапшылығы мен пандемияға қатысты Абу-Дабидегі қауіпсіздік протоколы салдарынан осылай болды. Дегенмен, осы сенбі турнирде өнер көрсетемін деген үмітім бар, Кенни - Вуд жекпе-жегінде біреуі шықпай қалса, алмастыруға дайынмын. Сонымен бірге, жыл соңына дейін Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп беруге уәде етті. Менеджеріме рахмет, ол қолынан келгеннің бәрін жасады. Қолдауларыңызға алғыс білдіремін", - деп жазыпты спортшы әлеуметтік желіде. 

Айта кетейік, Морозов UFC-дегі бірінші жекпе-жегін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізу керек болған, алайда, ол ауруханаға түсіп қалды. Оның орнына қырғызстандық Азиз Сатыбалдиев қарастырылған, бірақ, ол Дубайда емес, Бішкекте жүр екен.