Хабибтің інісі UFC ростерінен шығарылды

©riadagestan.ru

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Абубакар Нурмагомедов UFC ростерінен шығарылды, деп жазады UFC Roaster Track.

34 жастағы Нурмагомедов кәсіпқой ММА-де 2011 жылы өнер көрсете бастады, ал 2019 жылы UFC промоушеніне өтіп, онда төрт кездесу өткізді: екі жеңіс пен екі жеңіліс. 

UFC on ESPN 46 турниріндегі соңғы айқасында Нурмагомедов бразилиялық Элизеу Залески дос Сантостан төрешілер шешімімен жеңілді.

Ал жалпы карьерасында 17 рет жеңіп, төрт мәрте жеңілген екен және бір кездесуінде тең түскен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: