Хабибтің інісі Мәскеуде ұсталды. Спортшының өзі мәлімдеме жасады

12 қараша 2021 10:37
©Eurosport

Bellator файтері Усман Нурмагомедов Мәскеуде ұсталды. Бұл туралы Sports.ru өзінің мәлімет көздеріне сүйеніп хабарлап отыр. 

Хабиб Нурмагомедовтің інісі полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді.

Усман досы Камал Идрисовпен бірге Махачкаладан Мәскеуге ұшу керек болған, алайда, әуежайға кіре берісте олар бақылау өткізу бекетіндегі полицейді қағып кеткенге ұқсайды.

Осыдан кейін Нурмагомедов досымен Мәскеуге ұшып кеткен, ал Шереметьевода оны полицейлер күтіп алды. 

Алайда Усманның өзі тұтқындалғаны жайлы қауесетке сенбеуге шақырды. 

"Кім не жазып жатқанын білмеймін, бірақ, өтініш сабыр. Хабарлама үйіліп қалды. Бәрі дұрыс", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport