MMA
8 қаңтар 2021 14:38

Хабибтің менеджерімен жұмыс істейтін UFC файтері қарындастарын пышақтаған

Сурет: People.com

Мексикалық аралас жекпе-жек шебері Ирвин Ривера адам өлтіруге оқталу айыбы бойынша қамауға алынды,- деп хабарлайды MMA Fighting.

31 жастағы спортшы UFC-де ең жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Ол туған қарындастарына пышақ жұмсады деп айыпталуда. 

Ривераның менеджері Али Абдель-Азиз, бұл менеджер ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен бірге жұмыс істеп танымал болған.

"UFC-де Ирвин Ривераға қатысты болған оқиға туралы хабардар. Оқиға психологиялық денсаулығына байланысты қиындықтардан болуы ықтимал. Тағылған айып алаңдатып отыр, қазіргі таңда ұйым қосымша ақпарат жиып жатыр. Тергеу жалғасуда, ендігіде тәртіптік және медициналық көмекке дейінгі қолданылатын шаралар соның қорытындысы бойынша тағайындалады. UFC Ривераның өкілдеріне спортшыға қазіргі таңда жекпе-жек ұсынылмайтынын ескертті", - дейді Абдель-Азиз.