Хабибтің лигасы Арман Оспановтың қарсыласын жазалайды. Ол сыйақының 20 пайызын береді

28 қаңтар 2022 16:09
©ACA MMA

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Арман Оспанов (11-4) Eagle FC 44 турниріндегі алдағы айқасында қарсыластың 20 пайыз сыйақасын алатын болы, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Хабиб Нурмагомедовке тиесілі лигада Оспанов бірінші айқасын ертең, 29 қаңтарда өткізеді. Жекпе-жек кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де басталады. Ал бұл кездесуде отандасымыз қосымша сыйақыға ие болуы мүмкін. 

Оспановтың қарсыласы франциялық Дилан Сальвадор (3-1) бүгін салмақ лимитін дұрыс орындай алмады. Ол салмақ өлшеуде 67,7 келі болса, қазақстандық таразыда 66,2245 келіні көрсетті. Ал жартылай жеңіл салмақта спортшылар 65,8 келіден асып кетпеу керек еді. Осыған байланысты қарсыластан ауыр болған Сальвадор өзінің сыйақысының 20 пайызын Оспановқа береді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: