Хабибтің қатысуымен және бес қазақстандық спортшының жекпе-жегі өтетін Алматыдағы турнирге тікелей трансляция

18 маусым 2021 11:24
Сурет: EFC©️

Жұма, 18-маусымда "Алматы Аренада" Eagle Fighting Champiomship лигасының EFC 37 турнирі өтеді. Бұл кешке жарыстың арнайы қонағы жеңіл салмақта UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов келеді. 

Vesti.kz бұл турнирді интернет арқылы Қазақстан аумағында эксклюзив көрсетілімін жасайды. Тікелей трансляция 18-маусым 17:30-да басталады. 

 

Бұл кештің кардына 13 жекпе-жек жоспарланған, ал басты кездесуінде EFC президенті "Дағыстан арыстаны" лақап атты Шамиль Завуров (39-6-1) бразилиялық Рикардо Тирлонимен (21-8) жұдырықтасады. 

Турнирде бес қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады: Виталий Радионов (0-0), Дияр Нұрғожай (5-0), Исатай Теміров (9-3-1), Санжар Әділов (6-1-1) және Жасұлан Әкімжан (6-2).

Турнирдің толық карды мынадай: 

1. Виталий Радионов (Карағанды, Қазақстан) vs Шамиль Магомедов (Махачкала, Ресей).

2. Дмитрий Михайлиди (Омск, Ресей) vs Рамин Султанов (Баку, Азейрбайджан).

3. Ахубег Омаров (Махачкала, Ресей) vs Баймурат Сайтиев (Бішкек, Қырғызстан).

4. Жора Айвазян (Краснодар, Ресей) vs Жиргалбек Эмилбеков (Бішкек, Қырғызстан).

5. Шахбан Алхасов (Махачкала, Ресей) vs Юрий Ермоленко (Белгород, Ресей).

6. Дадахон Хасанов (Ташкент, Өзбекстан) vs Раджабали Файзидини (Душанбе, Тәжікстан).

7. Дияр Нұрғожай (Алматы, Қазақстан) vs Вадим Литвин (Минск, Беларусь).

8. Исатай Теміров (Атырау, Қазақстан) vs Денис Измоденов (Екатеринбург, Ресей).

9. Санжар Әділов (Қарағанды, Қазақстан) vs Ильмиямин Джавадов (Махачкала, Ресей).

10. Тьяго Бонифацио (Рио-де-Жанейро, Бразилия) vs Валерий Грицутин (Кисловодск, Ресей).

11. Михаил Малютин (Санкт Петербург, Россия) vs Умиджон Мусаев (Душанбе, Тәжікстан).

12. Жасұлан Әкімжан (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) vs Роман Авдал (Новоросийск, Ресей).

13. Шамиль Завуров (Махачкала, Ресей) vs Рикардо Тирлони (Флорианаполис, Бразилия).

Бұл шара барлық санитарлы-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сай өткізіледі. Сәуірде "Алматы Арена" Ashyq жобасының қатысушысы болды. Бұл EFC 37 турниріне келушілер қауіпсіздік статусын нақтылау қажеттігін білдіреді. Залдағы орындар санының 20 пайызына ғана көрермендер кіргізіледі.