Хабибтің бапкері дағыстандықтың таныстары арқылы бірнеше кәсіпті дөңгелетіп алған

23 ақпан 2022 08:07
©RingSide24

АКА залының бапкері Хавьер Мендес UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ісіне қалай көмектескенін айтты.

- Хабибтің арқасында біршама істі дөңгелете алдыңыз. Ең сәтті бизнес қайсы болды?

- Белгілі бір адамдармен азық-түлік, құрылыс заттары және дәрі-дәрмек импорты мен экспорты бизнесін жолға қойдық. Ол адамдар менімен Хабибтің таныстары арқасында жұмыс істей бастады. 

Компания атауы IMX Power, офис Дубайда. Сонымен қоса, Хабибпен бірге киім шығарамыз, топтаманың бірі Абдулманаптың құрметіне "Әке жоспары" аталады.

Jav атты тағы киімдер желісі бар, менің атымның алдыңғы үш әрпі. Міне киімге қатысты екі бизнес және IMX Power компаниясымен экспорт-импорт.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport