"Хабибті құлатқанда жанкүйерлері көз жасын көл қылады". Гэтжи нағыз қауіп не екенін көрсетуге уәде берді

19 қазан 2020 14:58
Сурет: sportsdaily.ru
Жеңіл салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы Джастин Гэтжи дивизион чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жекке қатысты ойын айтты,- деп хабарлайды sports.ru.

"Оның жанкүйерлеріне қатысты бір қызықты білемін: олар әлемдегі ең салмақты жігіттер, бірақ, орларды жылату оңай екен. Мен Хабибті құлатқанда оның мыңдаған жанкүйері көз жасын көл қылады. 

24 қазанда шынайы қауіп не екенін көретуге уәде беремін. Хабиб 25 жекпе-жекте алғаш рет нағыз қауіпті жағдайда болады", - дейді Гэтжи. 

Хабиб - Гэтжи жекпе-жегі 24 қазан Абу-Дабиде өтетін UFC 254 турнирінде өтеді.