Бұл туралы ESPN басылымына берген сұхбатында экс-чемпион және комментатор Даниэль Кормье айтып берді. Америкалық Хабибпен дос және бір залда жаттығады.
Еске салайық, Нурмагомедов басты жекпе-жегінде Тони Фергюсонмен жұдырықтасу керек болған турнирдің өтетін орны коронавирусқа байланысты ұзақ уақыт белгісіз болғандықтан, АҚШ-тан кетіп, Дағыстанға барған еді. Ақыры промоушен Хабибті америкалық Джастин Гэтжимен алмастырды. Дегенмен Калифорния штатының губернаторы бәрібір шоуды өткізуге тыйым салды.
"Хабибтікі дұрыс болғанын көріп отырмыз. Оң шешім қабылдап, үйіне қайтты. АҚШ-та қалса, мүлде шыға алмай қалатын еді, өйткені қазір кете де, келе де алмайсың. Не болғанын көп адам біле бермейді, бірақ, Хабиб пен UFC арасында жанжал туды.
Хабиб Америкаға ұшып келмекші болды. Дана Уайтпен телефон арқылы сөйлесіп, қайда ұшып келу керегін, турнир қайда өтетінін сұрады. Алайда Дана бәрі жасырын болғанын қалап: "Ұшып кел, сосын көреміз" деді. Хабиб мұндайды тіпті оған да айтпағанына ашуланып: "Нақты орын болмайынша қоңырау шалмай-ақ қойыңдар" деді. Келесі күні UFC Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек туралы хабарлады. Дана Уайт Хабибке ешқандай наразылығы жоқ дегені қулық. Уайтты жақсы білемін - ол өзінің талаптарын орындамағанды жек көреді", - дейді Кормье.