MMA
8 шілде 2022 17:38

Хабиб пен Шавкат Рахмонов Ақтауда болатын аралас жекпе-жек кешіне қатысады

©Naiza

Қазақстанның ел белді промоушені Naiza мен ресейлік Eagle бірлесіп Ақтау қаласында жекпе-жек кешін ұйымдастырады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жекпе-жек кеші 16 шілде болады. Оған жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен қазақстандық Шавкат Рахмонов қатысады. 

Naiza және Eagle турнирінде 18 жекпе-жек жоспарланған. Жалпы бас-аяғы 36 файтер қатысады. Олардың ішінде қазақстандық Дәурен Ермеков пен ресейлік Гамзат Хирамагомедов 84 келі салмақта Eagle ұйымының уақытша чемпиондық атағына таласады. 

Сонымен қатар бұл кеште қазақстандық Мурад Әбдірахманов (7-1) пен ресейлік Руслан Шамилов (9-1) кездессе, тағы айқаста қазақстандық Игорь Свирид (18-10) пен ресейлік Артур Гусейнов (25-11) жолығады.

Ақтаудағы турнир аясында Naiza промоушені жанкүйерлерге арнайы сый да дайындап отыр. Көрермендер чемпиондармен кездесіп, шеберлік сабағын алып, DAR командасының бапкерлерімен көріседі. Ал 15 шілде күні Ақтау қаласының жағажайындағы Амфитеатрда файтерлердің баспасөз жиыны болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport