"Хабиб пен Конор да істей алмайды". Нумагомедовтың досы Тони Фергюсонға тамсанды

21 сәуір 2020 18:00
Сурет: Eurosport
Екі салмақта UFC чемпионы болған америкалық файтер Даниэль Кормье UFC 249 турниріндегі Джастин Гэтжимен жекпе-жегі өтпейтіндігіне қарамастан Тони Фергюсонның салмақ түсіргеніне қатысты пікір білдірді. 

"Бұл жігіт көпшілік жасамайтынды істеді. Хабиб досым, оны жақсы көрем, бірақ, ол да бұлай істемес. Ол себепсіз салмақ қуып, қиналмайтын еді, Конор МакГрегор да. Сіздердің сүйікті файтерлеріңіздің ешқайсысы да олай жасамас. Ал Тони Фергюсон істеді, бұл үлкен іс", - дейді Кормье ESPN MMA YouTube арнасына.