Хабиб пен Конор екінші рет кездеседі. Егер ... UFC басшысы биыл болатын басты кездесулер туралы

6 қаңтар 2021 14:10
Сурет: Чемпионат.com

UFC басшысы Дана Уайт The Schmo басылымына сұқбат беріп, биыл болатын ең басты кездесулер туралы айтты. Өз сұқбатында ол көпшілік асыға күтіп жүрген Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті. 

"Порье – Макгрегор арасындағы кездесудің жеңімпазы жеңіл салмақта чемпиондық белбеудің басты үміткері болады. Мен осы аптада Хабибпен Абу-Даби қаласында кездесемін. Конор Порьені жеңеді деп үміттенемін. Содан соң мен Конор мен Хабиб арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға тырысамын. Хабиб пен Конор арасындағы айқас көпшілік күтіп жүрген кездесу екені анық. Бұл кездесуді міндетті түрде ұйымдастыру керек. Бірақ бұл жерде "егер" деген сөз көп болады. Егер Хабиб әлі жекпе-жек өткізгісі келетін болатын. Егер Конор Порьені жеңетін болса деген секілді. Сондықтан да шамалы сабыр сақтайық. Мен әлі келіссөздер жүргіземін. 

Биыл одан да басқа мықты жекпе-жектер болады. Мысалы, біз Ян Блахович пен Исраэль Адесанья арасындағы кездесуді ұйымастырып жатырмыз. Одан бөлек, Фрэнсис Энганну мен Стипе Миочич арасындағы айқас бар. Жалпы биыл жанкүйерлерге сыйлығымыз көп", - деді Уайт. 

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор 2019 жылы Лас-Вегаста кездесіп, ресейлік спортшының пайдасына аяқталған болатын. 

 

Метки: