Хабиб пен Гэтжи жекпе-жек алдында бірінші рет бетпе-бет келді

22 қазан 2020 10:29
Сурет: gazeta.ru
Желіде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжидің көз арбасқан видеосы жарияланды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Спортшылар промоушен басшысы Дана Уайтпен баспасөз мәслихатына қатысып, одан кейін дәстүр бойынша бір-бірінің көзіне тік қарады. Бұл шара құрметпен өтіп, файтерлер қол алысты. 





Нурмагомедов пен Гэтжи кездесуі 24 қазан Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өтетін UFC 254 турнирінің басты оқиғасы болады.