"Хабиб осылай шықпай қоятынын бәрі білді". UFC басшысы Нурмагомедовтың Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартуы жайлы

Сурет: AllFight.Ru
UFC басшысы Дана Уайт ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың америкалық Тони Фергюсонға қарсы кездесуден бас тартқанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды sports.yahoo.com.

Еске салайық, ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді. Бұл кездесу 18 сәуірге белгіленген UFC 249 турнирінде өту керек болған. 

Хабиб Фергюсонмен жұдырықтасудан бас тартты. Жанкүйерлер Нурмагомедовты UFC чемпиондығынан айыруда талап етуде

"Хабиб осылай жекпе-жекке шықпай қоятынын бәрі білді. Фергюсон Гэджиге қарсы? Баспасөзбен жекпе-жектің мән-жайын талқыламаймын", - дейді Уайт.