MMA
7 шілде 2020 15:22

Хабиб Нурмагомедовтің туған ауылына әкесінің аты берілуі мүмкін

Сурет: sport-express.ru
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің туған ауылы Кироваулдың аты өзгеру мүмкін. Алдағы уақытта бұл ауылға спортшының әкесі - Абдулманап Нурмагомедовтің аты беріледі, - деп жазады Sports.ru.


Еске салайық, Нурмагомедовтің әкесі 3 шілде күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де қайтыс болған. Ол емханада өкпенің екі жақты қабуынуы және одан бөлек жүрек қантамырлары ауруымен жатқан. Ем қабылдап жатқан кезде бапкер инсульт алып, содан соң өзіне келе алмаған

Ресейге еңбегі сіңген бапкерді Дағыстандағы туған ауылы Кироваулда жерледі

"Біз қазір қара жамылып отырмыз. Ресейдің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, көңіл айтып жатыр. Кейінірек ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауылдын атын Кироваулдан Манап деп өзгертуді ақылдасамыз. 

Хабиб үлкен соққы басынан кешірді. Өйткені, ол әкесімен көп уақытты бірге өткізетін", - деді ауылбасшысы Могамедрасул Давудов. 

Абдулманап Нурмагомедов әскери самбодан 18 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған. Осы жетістігі үшін де ол Гинесстің рекордтар кітабына кірді. Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Ресейге еңбегі сіңген бапкер тек ұлы Хабиб Нурмагомедовті емес, Ислам Махачев, Рустам Хабилов, Тагир Уланбеков және тағы басқа да спортшыларды жаттықтырған.