Хабиб Нурмагомедовтің менеджері коронавирус жұқтырып алды

24 қазан 2020 22:27
Сурет: instagram.com/aliabdelaziz000©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы менеджердің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

"Достар, әріптестер, осы аптада COVID-19 анықталды, қазір мен емханада жатырмын. Мен бұл туралы айтуымның себебі - менімен қарым-қатынаста болған адамдар біліп, қажетті ем-домдарын қабылдасын. Сіздерге көп рақмет. Сақ болыңыздар", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бүгін 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" Нурмагомедов өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джастин Гэтжи болады. 



Метки: