Хабиб Нурмагомедовтің бұрынғы қарсыласы кәмелетке толмаған қызға қырыңдағаны үшін жазаланды

4 қыркүйек 2020 22:26
Нурмагомедов пен Трухильо. Сурет: UFC
Аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен Абель Трухильо кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсуге ниетті болғаны үшін шартты түрде екі жылға жазаланды. Бұл туралы 9News хабарлап отыр. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, биыл наурыз айында Трухильо өзін кінәлі екенін мойындаған. 16 жастағы қыз спортшы әлеуметтік желіде ұятсыз суреттерін жібергенін айтты. Әу баста негізі Трухильо 16 жылға бас бостандығынан айырылуға жақын еді. 

36 жастағы спортшы UFC ұйымында 2012 және 2017 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ол аралас жекпе-жекте жалпы 25 кездесу өткізген. Оның 15 кездесуінде жеңіске жетсе, 8 кездесу жеңілген. Бір кездесудің нәтижесі есепке алынбаған. 

Трухильо 2013 жылдың 25 мамырында қазіргі уақытта жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. Бұл кездесуде Хабиб 21 рет тейкдаун жасап, рекорд орнатып еді. 




Метки: