Хабиб Нурмагомедовтің Алматыдағы турнирінде шаршы алаңға шығатын қазақ спортшының қарсыласы белгілі

3 маусым 2021 10:47
Сурет: EFC©️

Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (6-2) Хабиб Нурмагомедовтың Eagle Fighting Championshup (EFC) лигасы Алматыда өткізетін турнирге қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

EFC 37 турниріндегі қазақ спортшының қарсыласы ресейлік Роман Авдал (15-8) болмақ. Ал жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді. 

Жасұланның EFC лигасында қатарынан екі жеңіске жетіп отыр, кейінгі рет ол ақпанда ресейлік Олег Петеримовты жеңген.

Ал Авдал 2020 жылы қазанында өткен кейінгі айқасында төрешілер шешімімен Заур Касумовтан басым түскен.

"Алматы Арена" алаңында өтетін EFC 37 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Шамиль Завуров (39-6-1) пен америкалық Зак Зэйн (14-9) күш сынасады.

Бұл турнирге Хабиб Нурмагомедовтың өзі де келетінін айта кетейік.