Хабиб Нурмагомедовтің әкесі неден қайтыс болғаны белгілі болды

Абдулманап Нурмагомедов. Сурет: ringside24.com©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің неден қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Mash телеграмм каналы. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, Абдулманаптың миына кан кеткен. Сондай ақ қанының құрамына инфекция (сепсис) түскен екен. 

Чемпионның әкесі 3 шілде күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де қайтыс болған. Ол емханада өкпенің екі жақты қабуынуы және одан бөлек жүрек қантамырлары ауруымен жатқан. Ем қабылдап жатқан кезде бапкер инсульт алып, содан соң өзіне келе алмаған. 

Еске салайық, Нурмагомедов 25 сәуір күні Дағыстандағы емханаға өкпе қабынуы деген диагнозбен түскен. 3 мамыр күні оны Мәскеуге жеткізді. Кейіннен даңқты маманнан коронавирустың шыққаны анықталды. Бірақ 19 маусым күні ол індеттен айыққан. Дегенмен де бірнеше уақыт комада жатқан. 

Чемпионның әкесінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты бүгін, 3 шілде күні Чечен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров айтқан болатын. 25 сәуірден бастап әйгілі бапкер емханада жатыр еді. Ол алдымен өкпе қабынауы деген диагнозбен түскен. Кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Абдулманап Нурмагомедов әскери самбодан 18 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған. Осы жетістігі үшін де ол Гинесстің рекордтар кітабына кірді. Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Ресейге еңбегі сіңген бапкер тек ұлы Хабиб Нурмагомедовті емес, Ислам Махачев, Рустам Хабилов, Тагир Уланбеков және тағы басқа да спортшыларды жаттықтырған.